Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз – Жаңару күні
Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда,деп хабарлайды arainfo.kz

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – өмірдің жаңаруын, табиғатпен үйлесімдікті көрсететін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады. Бұл дәстүр – Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар өсіп-өркендеудің, тұрақтылықтың символы.

Қазақстан үшін Наурыз мейрамы – тек мерекелік думан ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың, жаңа құндылықтарды қалыптастырып, үлкен мақсаттарға ұмтылудың уақыты. Бүгін отырғызылған әрбір ағаш – жаңа бастамалардың, игі істердің, болашақ жетістіктердің белгісі.

Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі еліміздің даму мен гүлдену жолындағы жаңару кезеңін бейнелейді. Осы күні барша қазақстандықтар ортақ мақсаттарға жету жолында бірігіп, табиғатты қорғау және жасыл желекті көбейту арқылы ұрпақ болашағына қамқорлық жасайды.

Жаңару күні – жаңа мүмкіндіктердің бастауы, бірлік пен жасампаздықтың белгісі!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар