
16 наурыз – «Наурызнама» бойынша Шаңырақ күні.
Бұл күн отбасы құндылықтарын, бірлікті, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке.
Бүгінгі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде қиындығы мол қызметте отбасы алдындағы өз міндеттерін мүлтіксіз орындап жүрген азаматтар жетерлік. Солардың бірі – бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы, әділет прапорщигі Ержан Бектенов.
Дәл осы салада 22 жыл табан аудармай еңбек етіп келе жатқан Ержан Шынасылұлы көпбалалы әке. Ол өмірлік жары Жанар Аманқызы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.
Шаңырақ көтергендерге 20 жыл болған осынау жұптың отбасылық өмірі өзінен кейінгілерге қашанда үлгі.
Келесі мақала