
Қасым-Жомарт Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады,деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық боксшы Назым Қызайбайды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтады. Президент Instagram парақшасында спортшының ерекше жетістігін атап өтті.
“Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!” – деп жазды Президент.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде жоғары нәтиже көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелеріне алғыс айтып, спортшы қыздарға алдағы уақытта да табыс пен жаңа жеңістер тіледі.
Келесі мақала