
Жанында сексен көл саялаған сұлу Көкшедегі Оқжетпестің жанынан хан Абылай ордасын тіккен.
Бір кездері мұнда ұлттың тағдыры, қазақтың қордалы мәселелері шешілген.
Алғаш ұлт ұясы Ұлытауда басталған Ұлттық құрылтай киелі де қасиетті Түркістанда, одан кейін шежірелі мекен Атырауда ұласып, биыл жер шоқтығы Көкшетауда жалғасын табуда.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Көкшетауда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті.
Еліміздің игі жақсылары Арқа төріндегі Көкшетауға жиналды.
«Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді дана халқымыз.
Өте маңызды кезеңде түгел Алаш жиналып, келелі мәселені кеңесіп отырған. Бабаларымыз ұлт тағдырын осындай алқалы жиындарда шешкен. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Елдің болашағын айқындаған.
Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың маңыздылығына тоқталып, келелі әңгіме қозғады. Ұсыныстар айтылды.
Алдағы уақытта ауқымды жұмыстарды бірге атқаратын боламыз.
Елімізде лайым жақсылық көп болсын!
Асан ТІЛЕМІСОВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі