Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алматылық алаяқтың айласы жүзеге аспады

Алматылық алаяқтың айласы жүзеге аспады
Ашық Дереккөз
Полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп 2 700 000 теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні анықтады.

Белгісіз тұлға өзін техникалық жабдықтау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге бөліп төлеу арқылы тауар рәсімдеп беруді сылтауратып, екінші деңгейлі екі банктен 1 200 000 және 1 559 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды.

Қазіргі таңда жәбірленушіге материалдық залал қайтарылып, тергеп-тексеру аяқталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар