
Оған қала мектептерінен 78 әкелер кеңесінің төрағалары мен 28 директордың орынбасары қатысты.
Шараның басты мақсаты әкелердің бала тәрбиесіне атсалысуындағы өзіндік ролі, ұрпақ сабақтастығы барысындағы қарым-қатынасындағы ашықтық, ізгілік пен игіліктен бастау алған қамқорлығы мен ұрпақ құрметімен өлшенетін әке статусының беделін биіктете түсу болды.
Форум «Бала тәрбиесі – басты құндылық!» атты сахналық қойылыммен басталды. Онда жұмысбасты әкенің бала тәрбиесіне назар аудара алмағандығының салдарынан ұлы ойынқұмарлық дертіне душар болып, соңыра суицидке барып, өзіне өзі қол жұмсайды. Бұл көрініс арқылы педагогтар кешке жиналған әкелерге бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін ұқтырды.
Алғашқы сөз кезегі Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Қайрат Үкібасовқа берілді. Одан кейін облыс ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев «Отбасы құндылығы - маңызды мәселе», Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев «ҚР Адам құқығы – бала құқығы!», М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің аға оқытушысы, «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Әлмұратов «Қазіргі заман отбасында тұлға қалыптасуында әлеуметтену процесінің орны», Тараз қаласы әкелер кеңесінің төрағасы Сейтхан Тотаев «Әкенің отбасындағы рөлі» және облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік өкіл, «Сенiмен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Дәурен Бағжанов «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ психолог мамандар әкелермен психологиялық тренинг жүргізді. Кездесу соңында форумға қатысқан әкелер өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар берілді.
Бұдан кейін шараның құрметті қонағы болған М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған әкелер кеңесінің мүшесі, Сейсекүл Исматова мен “AULIEATA-MEDIA” ЖШС бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев сөз сөйлеп, қоғамдағы әкенің рөлі жайлы ойларын айтты.
Форумның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтар арнайы Алғыс хаттармен, Құрмет грамотасымен марапатталды.