
Бұл жыныстық кемсітушілікті жоюға және ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Гендерлік теңдік әділетті қоғам құруға ықпал етіп қана қоймай, мемлекеттің, экономиканың және әлеуметтік саланың тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады.
Гендерлік теңдік - демократиялық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі. Жоғары дамыған демократиялық институттары бар елдерде ерлер мен әйелдердің заң алдындағы теңдігі ұлттық Конституциялар мен халықаралық келісімдерде бекітілген. Әйелдер мен ерлер өмірдің әртүрлі салаларында: жұмыс орнында, саясатта, білім беруде, денсаулық сақтауда және отбасында тең құқықтары мен мүмкіндіктері болуы маңызды.
Гендерлік теңдік саясаты бостандық, әділеттілік және кемсітпеу принциптеріне негізделген. Бұл тек әйелдердің құқықтары туралы ғана емес, сонымен бірге адам құқықтарының жалпы мәселесі. Гендерлік теңдік әркімнің жынысына қарамастан тең құқықтары мен мүмкіндіктерін тануды қамтиды, бұл азаматтар арасындағы әлеуметтік келісім мен сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Жанна Есболовна Байдаулетова, Жамбыл облысының
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы