Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тамыр хирургтары күрделі отаны ойдағыдай өткізді

Тамыр хирургтары күрделі отаны ойдағыдай өткізді
Ашық Дереккөз
Тараз қаласында тамыр хирургиясы саласындағы ерекше операция жасалды. Бұл шеберлік сабағы аясында ұйымдастырылған медициналық араласу болды. Онда өңірдің тәжірибелі хирургтері Алматыдан арнайы шақырылған жоғары санатты рентгенохирург Бауыржан Ормановпен бірлесіп жұмыс істеді

Операция облыстық көпбейінді аурухана базасында өтті. Дәрігерлер кеуде бөлігінің аортасына эндоваскулярлық стент-графт имплантациялау әдісін қолданды. Бұл – қолқа (аорта) тамырының зақымдалған бөлігін арнайы стент-графтпен (торлы металл каркасымен қапталған жасанды қантамыр) күшейтіп, оның жарылуының алдын алу мақсатында жасалатын жоғары технологиялық араласу. Мұндай процедура аорта аневризмасы (қантамыр қабырғасының жұқарып, кеңеюі) бар науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ота 1944 жылы туған Т. есімді пациентке жасалды. Ол ауруханаға аса ауыр диагнозбен түскен: төмендейтін кеуде аортасының қабырғалары ажыраған аневризмасы, жоғары көтерілетін кеуде аортасының аневризмасы.

Аневризма – қантамыр қабырғасының патологиялық түрде кеңейіп, әлсіреуі, ол уақыт өте келе жарылып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Аорта – адам ағзасындағы ең ірі қан тамыры, ол жүректен шыққан қанды бүкіл денеге таратады. Егер аортаның белгілі бір бөлігінде аневризма пайда болса, онда қанайналым жүйесі бұзылып, науқасқа тікелей қауіп төнеді. Төмендейтін кеуде аортасы – кеуде қуысының төменгі бөлігінде, ал жоғары көтерілетін аорта жүрекке жақын жоғарғы бөлігінде орналасқан. Бұл маңызды қан тамырлары зақымдалған жағдайда, жедел медициналық көмек қажет болады.

Операция ойдағыдай өтіп, пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында, әрі қарай емін жалғастыруда.

Мұндай операциялардың көмегімен науқастар толыққанды өмірге қайта оралып, денсаулықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Облыс әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының
баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар