Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
- author AR-AY
- 11 наурыз, 2025
- 66

- Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазды ресми дереккөзден.
Абзал Нүкенұлы Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығын тәмамдап, саяси ғылымдар кандидаты атанған (2004 ж.).
1995 - 2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)
2000 - 2005 жылдар – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімшесі секторының меңгерушісі, кеңесші.
2005 – 2006 жылдар – Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.
2006 жылғы қыркүйекте Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2009-2011 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры.
2011-2016 жылдар – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші.
2016 жылы ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды.
Сонымен қатар Еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Талас ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті
- авторAR-AY
- 11 наурыз, 2025