Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық ұлан ҚАЖ аруларын марапаттады

Ұлттық ұлан ҚАЖ аруларын марапаттады
Ашық дереккөз
Бүгін, қару асынып, сап түзеген қыз-келіншек те құрмет-қошеметке ие болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Т. Амриевтың бұйрығымен “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” кеуде белгісімен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің арулары марапатталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары лейтенант Берік Жусанбаев түзеу мекемесіндегі ару-әріптестерін мерекемен құттықтады. Айта кетерлігі, жауапты,әрі қауіпті қызметті ер адамдардан қалыспай мінсіз атқарып жүрген қыз-келіншектер отбасы мен ошақ басындағы міндеттерін де қатар алып келеді. 

Мекеме басшысы, әділет полковнигі Руслан Уразметов әскери бөлім қызметкерлеріне алғысын айтып, алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар