
Азаматтардың басым бөлігі баспана мәселесін көтерді. Ербол Қарашөкеев қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұрғын үй тек кезек ретімен берілетінін түсіндірді.
Сонымен бірге қабылдау алаңында білім, спорт, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар, құрылыс, жол, кәсіпкерлік, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тілдерді дамыту салаларына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.
Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма және департамент басшылары келіп түскен өтініштер бойынша түсініктеме берді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдер қараусыз қалмайтынын айтып, түбегейлі шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Тараз қаласы Абай даңғылы, 127 мекенжайында орналасқан «Азаматтарды қабылдау» орталығына келіп жазыла алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі