Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

160 отбасы баспаналы болды

160 отбасы баспаналы болды
Ашық Дереккөз
Тараз қаласындағы «Ұлы дала» ықшамауданында 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев баспана кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықтың көптен күткен қуанышты сәтіне ортақтасты.

Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – әлеуметтік осал топтағы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында, – деген Ербол Қарашөкеев қоныстой иелерінің шаңырағына шаттық, бақ-береке тілей отырып, пәтер кілттері мен тұрмыстық техниканың сертификатын табыстады.

Баспанаға 2012-2015 жылдары аралығында кезекке тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар мен ҰОС теңестірілген азаматтар қол жеткізді. Олардың қатарында көпбалалы ана Мөлдір Шадманова да бар.

– «Өз үйім – өлең төсегім» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Ұзақ жылдар бойы күткен пәтерімізге қол жеткізіп отырмыз. Осы орайда Мемлекет басшысына, игі іске атсалысқан азаматтарға отбасымның атынан алғыс білдіремін! Барша баспанаға мұқтаж отбасылар осындай бақыт бұйырсын! – дейді ол.

«Ұлы дала» ықшамауданында орналасқан №26 үйдің жалпы ауданы 9 600 шаршы метрді құрайды. 160 пәтерлі (2 бөлмелі) көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Aulet Stroy Taraz» ЖШС-сы жүргізген.

Ербол Қарашөкеев халықпен бірге үйлерді аралап, сапасын тексерді. Бұдан соң үйдің маңына 20 түп ағаш отырғызылды.

Айта кетейік, облыста биыл 765 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

2025 жылы 2 390 пәтерлі 50 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі (2024 жылы – 1 159 пәтерлі 26 көпқабатты тұрғын тұрғын үй).

Сонымен бірге тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 4,9 миллиард теңгеге 361 пәтер сатып алынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар