Тараз қаласында қоғамдық көлікте жол жүру тарифі қымбаттайды
- author AR-AY
- 1 наурыз, 2025
- 101

Тараз қаласында 11 наурыздан бастап қоғамдық көліктерде жол жүру тарифі қымбаттайды. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің қаулы жобасына енгізілген өзгерістерде айтылған.
Жаңа өзгерістер бойынша, электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлем жүйесі арқылы жол ақысын төлеу 85 теңгеден 100 теңгеге дейін көтеріледі. Ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф 130 теңге болады.
Мектеп оқушылары (7 жастан бастап) және 18 жасқа дейінгі жастар үшін жол ақысы 40 теңгеден 50 теңгеге артады. Қолма-қол ақшамен төленген жағдайда, бұл топ үшін тариф 65 теңгені құрайды (130 теңгенің жартысы).
Бұл өзгерістер жергілікті әлеуметтік-экономикалық жағдайға, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің бағасының өсуіне және жүргізушілердің жалақысын көтеруге байланысты қабылданды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік тасымалдаушылардың шығындарын азайту және жергілікті бюджетке қаржылық жүктемені төмендету мақсатында тарифтер қайта қаралды.
Айта кету керек, соңғы рет Тараз қаласында жол жүру тарифі 2021 жылы өзгертілген болатын.