Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Агросаланы ауқымды өзгерістер күтіп тұр

Агросаланы ауқымды өзгерістер күтіп тұр
Ашық дереккөз
Биыл облыста ауылшаруашылығы саласына 58 миллиард теңге инвестиция тартылады деп жоспарлануда. Өткен жылы өңірде 15 мыңнан аса ауылшаруашылығы тауар өндірушісіне қолдау көрсетілді. Ал биыл салаға 39 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 22,7 миллиард теңгесі субсидияға, қалған 16 миллиард теңгесі Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі мен «Ауыл аманаты» бағдарламасын несиелендіруге жұмсалады.

2025 жылы 551,6 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріледі (2024 жылы – 488,5 миллиард теңге). Сондай-ақ салаға 58 миллиард теңге инвестиция тартылады (2024 жылы – 17,5 миллиард теңге) деп күтілуде.

Былтыр жалпы мал саны 3,6 миллионды құрады. Оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 429,4 мың, қой саны – 3 миллион, жылқы саны – 173,9 мың, құс саны – 1,9 миллион. Жыл ішінде 226,2 мың тонна сүт, 129,9 мың тонна ет, 123,5 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Биыл малшаруашылығында 226,5 миллиард теңгенің өнімін шығару жоспарлануда. Төрт-түлік санын 4,3 миллион басқа дейін ұлғайту, сүт өндірісін 229 мың тоннаға, ет өндірісін 135 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Сонымен бірге жұмыртқа көлемін 125 миллион данаға дейін жеткізу үшін жұмыстар атқарылады.

Өткен жылы 626,7 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары отырғызылды. 3,7 миллион тонна өнім жиналып, бұл соңғы 5 жылдағы рекордтық өнімділікті көрсетті. Атап айтқанда, 586,4 мың тонна масақты дәнді дақыл, 36,2 мың тонна майлы дақыл, 172 мың тонна картоп, 1 195,4 мың тонна көкөніс, 156,6 мың тонна бақша дақылдары, 84,8 мың тонна дәндік жүгері алынды. 647 мың тонна қант қызылшасы жиналды.

15,4 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 55,4 мың гектарға жеткізілді.

Биыл өсімдікшаруашылығында 325,1 миллиард теңгенің өнімін өндіру жоспарланған. Облыс аумағында егістік көлемін 33,6 мың гектарға арттырып, 660,3 мың гектарға дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан бөлек су үнемдеу технологиялары енгізілген алқапты 55,4 мың гектардан 64,5 мың гектарға ұлғайту, 83,1 мың гектар алқапқа минералды тыңайтқыш енгізу, 401 ауылшаруашылық техникасын сатып алып, 6,5 пайызға жаңарту көзделуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасының кәсіпкерлік бағыты бойынша 5 миллиард теңгеге 598 жобаны несиелендіру жоспарлануда. Бағдарлама шеңберінде азаматтарға 4 мың қой, 150 ірі қара тауарлық несие ретінде берілмек.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар