Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Еліміздегі ТОП-5 курорттық өңір белгілі болды

Еліміздегі ТОП-5 курорттық өңір белгілі болды
depositphotos.com
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист келді, деп хабарлайды arainfo.kz

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 миллиард теңгеге жетті. Назарларыңызға туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін ұсынамыз:

5-орын: Балқаш курорттық өңірі

Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.

4-орын: Алакөл курорттық өңірі

Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі

Орманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.

2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі

Маңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.

1-орын: Алматы тау кластері

Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар