Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
- author AR-AY
- 22 ақпан, 2025
- 47

Осы ретте, 22 ақпан күні Жамбыл облысында жастардың қатысуымен бірқатар тазалық шаралары өткізілді.
Атап айтқанда, Тараз қаласында Қ. Рысқұлбеков саябағында жастар акциясы ұйымдастырылды. Шара аясында қатысушылар қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.
«Бүгінде экологиялық мәдениет өте маңызды тақырып болып табылады. Осы бағыттағы шаралар арқылы жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдері арта түседі. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезінуіміз қажет. Баршаңызды алдағы уақытта да тұрақты түрде өтетін тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырамын», - деді сенбілікке қатысушы белсенді жас Д. Байпақ.
Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.
Жастар «Таза Қазақстан – таза табиғат» ұранымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында А. Суханбаев атындағы саябақта, Меркі және Жамбыл ауданында орталық саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, ағымдағы жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.
Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
«Көрінеді тілден түйсік, білім де, біле білсең жарылқаушы – тіліңде»
- авторAR-AY
- 21 ақпан, 2025