Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Біз біргеміз, берік іргеміз» атты мейірімділік кеші өтті

«Біз біргеміз, берік іргеміз» атты мейірімділік кеші өтті
Ашық дереккөз
20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» емделушілеріне арнап «Біз біргеміз, берік іргеміз» атты мейірімділік кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шарада кітапханашылар әлеуметтік әділеттілік ұғымының маңыздылығына тоқталып, оның теңдік пен демократиялық қоғамның негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, кеш барысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» атты көшпелі кітап көрмесі таныстырылды. Шара қатысушылары даңқты батырдың шығармашылығымен танысып, оның еңбектері жайлы қызықты ақпарат алды.

Кештің жалғасында «Ойланайық, пікірлесейік» айдары аясында түрлі сауалдар қойылып, өзара пікір алмасу өтті. Жылы шырайлы кездесуді кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы әсем әндер әрлендіріп, орталықтың бейімдеушілері би билеп, көтеріңкі көңіл-күйде кештің ерекше атмосферасын сезінді.

Бұл шара – мейірімділік пен бірлік, қоғамдағы теңдік пен әділеттіліктің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған игі бастама болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар