Ақтөбе облысында бір топ оқушы жаппай уланып, ауруханаға түсті
- author AR-AY
- 20 ақпан, 2025
- 32

18 ақпанда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Қобыланды батыр атындағы орта мектепте оқушылар жаппай уланды.
Оқиға кезінде 23 бала ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, оқушылардың бірі белгісіз тәттіні мектепке әкеліп жеген. Бұл тәттіні тағы алты бала жеп, кейін өздерін нашар сезінген. Сонымен қатар, басқа оқушылар да кері әсерін байқап, көздері жасаурап, денелері қышып, мазасызданған.
Дәрігерлердің тексеруінен кейін жеті баланың асқазаны шайылды. Сол күні екі баланы ата-аналары үйлеріне алып кетті. 19 ақпанда ауданға арнайы білікті дәрігерлер барып, балаларды қайта тексерді. Қазіргі уақытта ауруханада тоғыз бала қалып, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ертең үйлеріне шығарылуы жоспарланып отыр.
Тәттіге қатысты сараптама жүргізілуде, ал тиісті органдар тергеу амалдарын бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында мектеп асханасында 460 бала уланып, қызметкерлерге айыппұл салынған еді.