«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» қатысушыларына сертификаттар табыс етілді
- author AR-AY
- 20 ақпан, 2025
- 41

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы жастарды мемлекеттік қызметке кәсіби бағдарлау, олардың кәсіби шеберліктерін, біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 10-14 ақпаны аралығында жоба қатысушылары команда құру, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызметтегі негізгі қағидаттар мен құндылықтар, мансап жолымен өсуге мотивация, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаттары, жобалық менеджмент негіздері және т.б. тақырыптар бойынша оқу бағдарламасынан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.
Департамент басшысы Руслан Шамелұлы жастарға мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіре отырып, оларды елге қызмет етуге шақырды.
Сонымен қатар, филиал директоры Ғазиз Мұхитұлы Қосыбаев жастарға сәттілік тілеп, олардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамда орындарын табуы мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Айта кету керек, алдағы уақытта жоба қатысушылары мемлекеттік органдарда дипломалды тәжірибеден өтеді.