Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
- author AR-AY
- 18 ақпан, 2025
- 28

Қасым-Жомарт Тоқаев 18 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді
Айта кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінде астында жеті кенші қалып кеткен еді. "Серіктес" АСС" ЖШС-нің құтқарушы бөлімі авариялық-құтқару жұмыстары жүргізді.