Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық шахматшы Сербияда ел намысын қорғайды

Жамбылдық шахматшы Сербияда ел намысын қорғайды
Ашық Дереккөз
Ақпан айының 10-12 күндері Таразда 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында рапидтен республикалық турнир өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ақылдылар ойынына өңірімізден бөлек Павлодар, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласынан 9-15 жас аралығындағы 53 жас шахматшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Турнирде 12 жасар жерлесіміз Бибісара Абылайқызы 6 рет қарсыласын ұтып, 7½ ұпаймен жеңімпаз атанды. Тараздық спортшы тартысты жарыста үш партияны тең ойынмен аяқтады. ІІ орынды да жамбылдық жас шахмат шебері 14 жасар Аяна Наурызбай 7 ұпаймен қанжығасына байлады. ІІІ орынға 6½ ұпаймен Маңғыстау облысының ойыншысы 11 жасар Айлин Мұхамбет жайғасты.

Ұлдар арасында бас жүлде Павлодар облысының намысын қорғаған Алтынбек Құсайынға бұйырды.

Айта кетерлігі, турнир жеңімпаздары 4-14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өтетін Бүкіләлемдік гимназиаданың шахмат турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды. Спортшыларымыз аталған сайыста әлемнің 50-ден астам елінің ең мықты шахматшыларымен бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие болады.

Жарыс жеңімпаздарына Сербия елінде өтетін гимназиадаға жолдамадан бөлек 250 000 теңге табысталды. Ал 2-орынға ие болған ойыншылар 150 000 теңгеге, 3-орын иегерлері 100 000 теңгеге ие болды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар