
Жаңа спорт кешенінің құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоба құны – 446 миллион 774 мың теңге.
Ғимарат 2 қабатты. Мұнда ауыл балалары мен жасөспірімдер күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.
Биыл Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында дәл осындай спорт кешені салынады деп күтілуде.
Айта кетейік, облыста 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені (демеушілердің есебінен салынған) және 103 спорт алаңшасы бар. Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызға жетті.
Бүгінде 503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі