
Өңір тұрғындары аптаның 5 күнінде өтетін сенбіліктерге белсенді қатысты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазарту, көгалдандыруға қомақты үлес қосты.
Акция аясында «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды. 8 ауылдық елді мекен жеңімпаз деп танылып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Бұл қаржыға әлеуметтік нысандардың құрылысы, сондай-ақ ауылдағы ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2025 жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.
Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі