
17 жастағы алматылық Сая Қыдырәлі IELTS емтиханынан ең жоғары 9 балл алып, рекорд жаңартты.
Ағылшын тілін алты жасында үйреніп, жеті жасында еркін сөйлей бастаған Сая кейін өз қатарластары мен ересектерге сабақ бере бастаған. Алғашқы IELTS емтиханын 11 жасында тапсырып, 6,5 балл жинаған Сая бұл нәтижеге жету үшін 20 рет тест тапсырған.
Саяның жетістігі – ұстаздары мен мектебі үшін мақтаныш. Әлемнің үздік университеттеріне түсу мүмкіндігі болса да ол әзірге шетелге кетуді жоспарламайды. Керісінше, жеке ағылшын тілі мектебін ашуды көздеп отыр.
Келесі мақала