Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Су добынан ел біріншілігі басталды

Су добынан ел біріншілігі басталды
Ашық Дереккөз
Тараз қаласындағы №4 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты «Дельфин» жүзу бассейнінде су добынан 2011 жылы туған және одан кіші қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне облысымыздан бөлек Астана, Алматы қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысуда.

Семей қаласынан келген «Намыс» клубының жаттықтырушысы Абзал Қанатұлы Таразға үшінші рет келіп отырғанын айтып, әсерімен бөлісті.

– Жаттықтырушы болып қызмет етіп жүргеніме екі жылдан асты. Бұған дейін де бірнеше жарыста бақ сынап, жоғары жетістіктерге жетіп жүрміз. Бүгінгі ел біріншілігіне де жоғары деңгейдегі дайындықпен келдік. Жалпы 15 қыз «Намыс» клубының намысын қорғайтын болады.  Біз әр жарысқа қатысып қана қоймай, тәжірибе жинауға, клубымыздың жаңа қырларын ашуға тырысамыз. Алғашқы қарсыластарымыз Тараз қаласының спортшыларымен болмақ. Әрине, Тараз біз үшін жайлы қала. Осы өңірге үш рет келсек те Тараз халқы қонақжайлылығынан танған емес, – дейді Абзал Қанатұлы.

Ел чемпионаты екі күнге жалғасады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, облысымызда су добы спортымен 387 бала шұғылданып, 8 жаттықтырушы жұмыс істеуде.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар