Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің қатысуымен «Түзету мекемесіндегі сотталған азаматтардың еңбегін ұйымдастыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Ерлан Ділдәбекұлының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша, қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 5 мекемеде еңбекке жарамды 985 адам жұмыспен қамтылған.

– Бүгінгі күні мекемелердің өндіріс аумағында «Еңбек Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының бос тұрған өндірістік үй- жайлары мен ғимараттарды кіші және орта бизнес кәсіпкерлеріне сенімді басқаруға беріп, сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде 22 жеке кәсіпкер мекеменің ішкі аумағында, ал 3 жеке кәсіпкер қала ішінде өз жұмысын атқаруда. Мекеме аумағында жұмыс істеу орта және кіші бизнес өкілдері үшін тиімді. Себебі орынды жалға алу ақысы төленбейді, мекеме тарапынан жұмысшыларды жұмыс орындарында бақылау, 3 мезгіл тамақтандыру, кадрлық резерв дайындау секілді қызметтер кәсіпкерлерге қосымша көмек десек болады. Сонымен қатар жұмыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылып, барлық іс-әрекеттері бақылауға алынған, – деді Ерлан Оразгелдиев.

Мәселен, «Теңізбаев» жеке кәсіпкерлігі №59 мекеме аумағынан былғарыдан аяқкиім тігу учаскесін ашып, жұмысын бастапты. Кәсіпкер №25 мекеменің өндіріс аумағына аяқкиім тігуге арналған ғимарат салып, 85 аяқкиім тігу машинасын алған. Сонымен қатар жеке кәсіпкер «Алматов» та аталған мекеменің өндіріс аумағында 2 қабаттан тұратын, 250 сотталған азаматты ақылы жұмыспен қамтитын тігін цехын ашуға ұсыныс білдіріпті. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

– Сотталған азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру жұмыстары іске асырылуда. 2023-2024 оқу жылында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері жанындағы №15 колледжде 5 мамандық бойынша 361 сотталған азамат білім алуда, – дейді Е.Ділдәбекұлы. 

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар