Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Күш пен жігер: Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр

Күш пен жігер: Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр
polisia.kz
Қазақстанның күштік құрылымдарының арнайы бөліністері Дубайда өтіп жатқан "Тhe UAE SWAT Challenge 2025" VI халықаралық жарыстарына қатысуда, деп хабарлайды arainfo.kz

1-5 ақпан аралығында өтетін халықаралық турнирде 100-ден астам команда бақ сынауда. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар әртүрлі тактикалық жаттығуларды орындап, кедергілерді жеңіп, шабуылдау, жолдастарын құтқару және мұнараларға көтерілу сияқты күрделі тапсырмаларды орындауға тиіс.

Қазақстанның намысын халықаралық аренада Ішкі істер министрлігінің (ІІМ), Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) және Мемлекеттік күзет қызметінің командалары қорғауда. ІІМ атынан жарысқа «Сұңқар», «Арлан», «Бүркіт» және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың (ЖҚАЖ) командалары қатысуда. Бұл жарыс Қазақстан үшін ерекше маңызға ие, өйткені ЖҚАЖ-дан «Томирис» әйелдер командасының дебюті жасалуда, бұл еліміздің тәртіп сақшыларының жоғары кәсіби дайындығын көрсетеді.

Екі күннің қорытындысы бойынша турнир кестесінде Қытайдың командасы көш бастап тұр. Екінші орында ІІМ-нің «Сұңқар» командасы, ал үшінші орында Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» командасы орналасқан.

Турнирдің қалған кезеңдерінде тағы да көптеген қиын сынақтар өтеді. Қатысушы командалар тек физикалық күш-жігерін ғана емес, сондай-ақ тактикалық дайындықтарын да көрсетуі қажет.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар