Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«МАРФОН СИНДРОМЫ» НЕМЕСЕ ӨРМЕКШІ САУСАҚТАР

«МАРФОН СИНДРОМЫ» НЕМЕСЕ ӨРМЕКШІ САУСАҚТАР
ашық дереккөз
«МАРФОН СИНДРОМЫ» НЕМЕСЕ ӨРМЕКШІ САУСАҚТАР
Әлемде ерекше ауру түрімен ауыратын науқастар көп. Соның бірі өрмекші саусақтар дерті. Оның ғылыми атауы – арахнодактилия. Бұл қол саусақтарының туа біткен деформациясы. Алғаш бұл дерт сонау 1876 жылы тіркеліпті. Ең бірінші зерттеген ғалымдардың айтуынша, бұл індет тұқым қуалайтын аурулардың қатарына жатады. Бастапқыда «Марфон синдромы» деп аталған. Ауру белгілері: қолдың өлшемі мен пішіні басқа адамдармен салыстырғанда өзгеше болады. Нақтырақ айтқанда, саусақтары алақанымен пропорционалды түрде байланыспай, шамадан тыс ұзын, болмаса, иілген болады. Сондай-ақ саусақтары тым жіңішке келеді. Негізінде бұл ауруға «медициналық сараптаманы» сүйек-бұлшықет жүйесінің жай-күйін бағалау ортопеді жүргізеді, болмаса, невропатолог, кардиолог, офтальмолог дәрігерлерден кеңес алуға болады. Егер де адамда арахнодактилия ауруы анықталса, диспансерлік бақылауда болады. Сондай-ақ түрлі массаж жасалып, санаторийлік-курорттық емделуге жіберіледі. Себебі ем-дом кеш жүргізілетін болса, тірек-қимыл жүйесі ақауы мен көз аурулары пайда болады. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесіне де әсер беруі мүмкін. Сол үшін де терапияны уақытында бастау – басқа аурулардың алдын алып, науқастың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Адам еркін қимылдап, әрекет етуі үшін қол-аяқтың сау болуы маңызды. Алайда ауру айтып келмейді демекші, дерт алдында қашанда дәрменсіз екеніміз ақиқат. Бірақ дер кезінде жасалған әрекет аурудың алдын алатынын естен шығармаған жөн.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар