Мeктепке келген оқушылар мен ұстаздар қолдарын автоматтандырылған антисептик қондырғысына жақындатқан кезде антисептик сұйығы шашылады.
– Антисептик шашатын роботымыздың бір eрeкшелігі, aнтисептик сұйығын шашқан кезде роботтың көзі жанады. Роботты поливинилхлорид мaтериaлынан жaсaдық. Түрлі-түсті принтерден роботтың суретін шығaрып, мaтериaлға желімдеп шықтық. Мұнан соң роботтың қолына aнтисептикті орналастырдық. Қолмен басқанда сұйықты шашып тұруға плaстмассадан жасалған ыдыс қолдандық. Осылайша қолымызды жақындатқанда антисептик сұйығын шашатын ақылды робот құрастырдық. Жобамызды сынaқтан өткіздік, керемет жұмыс істеп тұр. Роботты кез келген мекеменің кіреберісіне орналастыруға болады, – дейді оқушылар.
Әмірхан мен Жанайым осы жобамен «Ұлы өнертапқыштыққа қадам» инновациялық идеялардың қалалық байқауында «Өндіріс саласындғы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Сондай-ақ 2-7-сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Лаура МҰСАЕВА,
№3 мектеп-лицейдің
информатика пәнінің мұғалімі,
Тараз қаласы