Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген
- author AR-AY
- 24 қаңтар, 2025
- 5
Бас Прокурор Берік Асыловтың сөзінше, халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту қамтамасыз етілді, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау және қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
Қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. 2024 жылы 9 (1) халықаралық шарттар жасалды (Мароккомен (3), Перумен (3), Катармен (2) және Кипрмен (1)). Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды. 2024 жылы Қазақстанға 67 (55) адам ұсталып жіберілді (Ресейден – 37, Грузиядан – 6, Қырғызстаннан – 4, Түркиядан, БАӘ мен Әзірбайжаннан 3-ден, Польша мен Армениядан 2-ден, Испания, Швеция, Чехия, Германия, Корея, Молдова, Украинадан 1-ден),- деді Бас Прокурор.
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
Ұқсас жаңалықтар
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- авторAR-AY
- 24 қаңтар, 2025