Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- author AR-AY
- 24 қаңтар, 2025
- 7
Ведомствоның ресми мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Оның ішінде – 123 мың қызметкер, 1,9 млн-ға жуық жасөспірім, 23 мыңнан астам баланың пайдасына алимент бойынша 4,6 млрд. теңге қарыз өндірілген.
Сонымен қатар, өткен жылы 428,7 млрд. теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды. Заң субъектілерімен келісімдер бойынша 48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылды.
Жиын барысында Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіру бойынша шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген
- авторAR-AY
- 24 қаңтар, 2025