Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әсерлі әдеби кеш

Әсерлі әдеби кеш
Ашық Дереккөз
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Жыл басынан бері айтулы датаға орай облыстық этномәдени бірлестіктер ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруда.

Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық «Радонеж» орыстар қауымдастығы «Орыс романсы» әдеби-лирикалық кешін өткізді.

Кешті «Радонеж» орыстар қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин мен бірлестік өкілі Полина Воротникова жүргізді. Іс-шара барысында көпшілікке ХХ ғасырдың басында кеңінен танымал болған орыс романсының пайда болу тарихы баяндалды. Өлең оқылып, лирикалық жанрдағы әндер шырқалды. Шығармашылық нөмірлерді «Днепро» украин этномәдени бірлестігі мен қауымдастықтың өнерлі өкілдері орындады. Сондай-ақ кештің көркін қыздырғандардың қатарында Наталья Боцман, Наталья Янсон, Юрий Сергеев, Валентина Туренко, Анатолий Тращенко, Любовь Шахова, Евгений Ни, Олег Шаповаловтар да болды. Өнер ұжымдары шырқаған «Я ехала домой», «Пой гитара», «Лунная серенада», «Очарована, околдована» әндері тыңдарманның ерекше ықыласына ие болды. Айта кетейік, барлық шығарма Владимир Сорокин мен Олег Шаповаловтың сүйемелдеуімен орындалды.

Осылайша дәстүрлі «Орыс романсы» биылғы жылы да келушілерді ерекше әсерге бөледі.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Пошташы Надежда
Алдыңғы мақала
Пошташы Надежда

Ұқсас жаңалықтар