Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ата көргеннің ақылы артық

Ата көргеннің ақылы артық
Ашық Дереккөз
Жуырда «Достық» үйінде облыстық ардагерлер және өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшелері «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан жүргізіп, жастарға Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген негізгі мәселелер бойынша ақпарат берді. Атап айтсақ, өскелең ұрпақты патриотизм арқылы еліне адал еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеу, бес кеселмен күресе отырып, салауатты сана қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ басқосуға қатысқан облыстық ақсақалдар кеңесінің мәдени және жастар ісі жөніндегі төрағасы Мұхаметжан Байшоманов, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Ақсұлу Таңсықбаева, облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева жастарды адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеу жайында орамды ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар «Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Исмайл Хаджимуратов сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселеге жан-жақты тоқталды.

Кездесу соңында жастар атынан сөз алған облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы кеңес мүшелерімен жиі кездесіп, пікір алмасып тұрудың маңызды екенін жеткізді.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар