Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мұқтаж жандар мемлекет қамқорлығында

Мұқтаж жандар мемлекет қамқорлығында
Ашық Дереккөз
Аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілген. Аталған қағиданы бекіту туралы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі шыққан. Бұл іс облыстық әділет департаментінде 2024 жылғы 27 тамызда № 5227-08 нөмірімен тіркелген қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер аудан халқының арасында табиғи апат немесе өрттен азаматтардың мүлкіне зиян келсе және отбасының орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 20 еселенген мөлшерінен аспаса, 300 айлық есептік көрсеткіштен кем емес көлемде көмек беріледі. Бұл өтемақы апаттан кейінгі 6 ай ішінде жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар немесе арнайы білім беру ұйымдарында болғандарға келсек, егер олардың отбасының табысы күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспаса, 15 АЕК көлемінде бірреттік көмек беріледі. Қатерлі ісік ауруы бар науқастар үшін отбасының табысы күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспаса, 25 АЕК көлемінде көмек ала алады. Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратындарға 25 АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі. Туберкулезбен ауыратындар және олардың заңды өкілдеріне 15 АЕК мөлшерінде ай сайынғы көмек қарастырылған. Вирустық имун тапшылығы барларға, яғни АИТВ жұқтырған адамдарға және бұл бойынша диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына 30 АЕК көлемінде ай сайын көмек төленеді.

Санаторийлік-курорттық емдеу бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жеңілдіктері бар азаматтарға табысына қарамастан 45 АЕК көлемінде емделу шығындары өтеледі. Сонымен қатар зейнеткерлерге отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспаса, құжаттарды растаған жағдайда, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде кепілдік берілген соманың 70 пайызы өтеледі.

Егер отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспаса, газдандыруға кеткен шығындар 100 АЕК-ке дейін өтеледі. Бұл көмекке зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқа да әлеуметтік топтар өтініш бере алады.

Байланыс және газ төлемдеріне қатысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 АЕК көлемінде байланыс пен газ шығындарын өтеу қарастырылған.

Әлеуметтік көмек алуға өтініш берудің өз тәртібі бар. Әлеуметтік көмек алуға құжаттар «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады. Өтініш беруші қажетті құжаттарды порталға жүктеп, уәкілетті органдардың мақұлдауын күтеді. Нәтижелер өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік органдар өтінішті 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Егер өтініш мақұлданбаса, бас тарту туралы хабарлама алдын ала жіберіледі. Тыңдау рәсімі белгіленген мерзімде өтеді.

Мүгедектігі бар адамдар үшін протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету рәсімі де жеңілдетілген. Құжаттарды рәсімдеу және көмек алу порталда жүзеге асады.

Мойынқұм ауданының тұрғындары үшін әлеуметтік көмек алу шарттары нақты көрсетілген. Әрбір санатқа арналған талаптар қиын жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Көмекке өтініш беру тәртібі жеңілдетілген, бұл халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі қадамдарының бірі.

Самат ТЫНЫШБЕКОВ,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы,
Мойынқұм ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар