Калифорниядағы өртке байланысты «Оскар» сыйлығына үміткерлерге дауыс беру мерзімі екі күнге ұзартылды.
«Академияның 10 000-ға жуық мүшесіне дауыс беру 8 қаңтарда ашылды және бастапқыда 12 қаңтарда аяқталуы керек еді. Бастапқыда 17 қаңтарға жоспарланған үміткерлер туралы хабарландыру 19 қаңтарға ауыстырылды», деп жазды «Variety» басылымы.
«Оскар» – Америка кино өнері және ғылым академиясының (AMPAS) жыл сайынғы сыйлығы. Марапат кинематография саласындағы көрнекті жетістіктер үшін беріледі. Бұл – әлемдегі ең беделді кино марапаттарының бірі.
Сыйлық әртүрлі номинациялар бойынша беріледі, соның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер және актриса» және тағы да номинациялар бар.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Келесі мақала
Универсиада: Қазақстан қоржынында тағы екі медаль!
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
«Академиялық мәртебе – жауапкершілік пен жаңа кезеңнің бастауы»
- авторAR-AY
- 26 желтоқсан, 2025




