Жаңалықтар
«Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырады
- author AR-AY
- 8 қаңтар, 2025
- 44
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схемаларға қатысу әрекеттері үшін жауапкершілік барын ескертеді, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Жеңіл әрі жылдам ақша табуға үміттеніп, кейбір азаматтар қылмыстық және азаматтық жауапкершіліктің барын білместіктен, алаяқтарға көмектесіп, «дропперлерге» айналып жатады. 2024 жылы 1200-ден астам «дропперге» қатысты сот үкімі шықты. Олардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған 1,3 млрд теңге өндірілді, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Бұдан басқа, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 адам интернет-алаяқтық жасауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға, оңай ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеуге, күдікті әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.
Келесі мақала
Қазақстанда Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген
- авторAR-AY
- 24 қаңтар, 2025