Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Астанада 2025 жылы Ұлттық құзыреттер орталығы құрылатынын айтты,деп хабарлайды arainfo.kz.
Ол орталық кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді және заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға және өндіріске енгізуге ықпал ететінін атап өтті. Осындай орталықтар әлемнің алдыңғы қатарлы индустриалдық мемлекеттерінде бар.
«Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық чемпионат, педагогтерге арналған салалық курстар өткізілетін болады», — деп толықтырды Ғани Бейсембаев.
Ұқсас жаңалықтар
Үкімет
Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға 700-ден астам лицензия берілді
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2025
Үкімет
Қазақстанда мұнай-газ химиясы қарқынды дамуда: өнім өндірісі 12%-ға өсті
- авторAR-AY
- 15 желтоқсан, 2025




