2024 жылғы 27 желтоқсанда Астанада ҚР ҰҚК Төрағасы Е. Сағымбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті.
Терроризмге қарсы орталықтың жұмысына арнаулы қызметтердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері қатысты.
Экстремизм мен терроризм профилактикасын, сондай-ақ Интернет кеңістігіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіру шаралары туралы мәселелер қаралды.
ТҚО 2024 жылғы қызметінің нәтижелері талқыланды және келесі жылдың басымды міндеттері белгіленді.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қордай ауданының прокуратурасы «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумын өткізді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2024