– Қастерлі Отанымыз бен өңіріміздің алға өрлеуіне елеулі үлес қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырсыздар. Сіздерге құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Бүгінде аға буын өкілдері жастарға жол көрсетіп, олардың бойына ұлттық болмыс пен құндылықты сіңіріп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес, – деген облыс әкімі ардагерлердің дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тіледі.
Бұдан соң аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін бастауыш ардагерлер ұйымының бірқатар мүшесі облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында Опабек Досаев, Полина Ким, Жексен Арынов, Күләш Назарбекова сынды азаматтар бар.
Басқосуда бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, ел мен жердің амандығын тіледі.
Кездесуді қорытындылаған Ербол Қарашөкеев ардагерлермен байланысты үзбейтінін, олардың құнды ұсыныс-пікірлерін үнемі назарында ұстайтынын айтып, естелікке фотоға түсті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі