Сәулет және қала құрылысы саласында қызмет алушының құқығы қорғалды
- author AR-AY
- 25 желтоқсан, 2024
- 45
Осыған байланысты, Департаментпен халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процесстерін жетілдіру, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Департаментпен ағымдағы жылы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында жоспардан тыс тексерулер жүргізілген болатын.
Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде жүргізілген тексеру барысында 2024 жылдың 3 сәуірінде «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін алу үшін жүгінген азаматтың өтінішіне негізсіз бас тартылғандығы анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша Департамент тарапынан аталған бөлімге қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндігі арқылы, яғни қызмет алушы қайта өтінішпен жүгінбей, оған қызмет көрсетудің оң нәтижесі беріліп, бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.
Осылайша, қызмет алушы өзінің жоспарлаған құрылысын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Р.Шарипов
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы