Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елордада жаңа жылдық электропойыз жүре бастады

Елордада жаңа жылдық электропойыз жүре бастады
rail-news.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа жыл қарсаңында мерекелік тақырыпта безендірілген электропойызды іске қосты,деп хабарлайды arainfo.kz

Электропойыз №6803/6804 «Астана-Атбасар» және №7507/7508 «Астана-Көкшетау» бағыттарында аптасына бес рет қатынайды.

Биылғы жаңа жылдық электропойыздың сыртқы безендіруі қар ұшқындары, Аяз ата мен Ақшақардың бейнелерімен ерекшеленеді. Вагондардың ішкі бөлігін шырша ойыншықтары, гирляндалар мен қар өрнектері әсемдеп, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Балалар үшін арнайы пошта жәшігі орнатылып, олар Аяз атаға тілектерін жазып, хат жібере алады. Сондай-ақ, жолаушылардың жайлылығына көңіл бөлінген: пойызда жаңа піскен нан-тоқаш, сусындар мен тәттілерді қолжетімді бағамен ұсынатын буфет қарастырылған.

Атбасарға пойыз дүйсенбі, бейсенбі және жұма күндері, ал Көкшетауға сенбі және жексенбі күндері қатынайды. Жөнелту Астанадағы Нұрлы жол және Астана-1 вокзалдарынан жүзеге асырылады. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар