«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- author AR-AY
- 20 желтоқсан, 2024
- 136
Кездесуде есірткі қолдану, буллинг, кибербуллинг мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұл шараға 280-нен астам мектеп оқушылары, колледж студенттері, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында спикерлер жастарға есірткі мен буллингтің, кибербуллингтің және қорқытудың адам өміріне тигізер теріс әсерлері туралы айтып, олардың ауыр зардаптары жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар жастарға «Komek Stop Bullying Jambyl» телеграм-каналы мен психологиялық қолдау орталықтарына жүгіну мүмкіндігі ұсынылды.
Облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы өз сөзінде қоғамда салауатты әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыру, сондай-ақ жастарды қауіпті жағдайлардан қорғау қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Жиында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, өзара пікір алмасу өтті.
Айта кету керек, «Заң және тәртіп» тақырыбындағы кездесулер облыстың барлық аудандарында өткізіліп жатыр.