Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет мерзімін бұзу екі есеге азайды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:35
- 12
Жамбыл облысында өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек баяндама жасады.
Өңірде жергілікті атқарушы органдар арқылы халыққа 286 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2023 жылдың 9 айында 9 миллионнан астам қызмет көрсетілсе, оның 98,3 пайызы электронды форматта ұсынылған.
Бекжан Кеңесбектің мәліметінше, облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін күнделікті бақылауда ұстайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мерзім бұзу фактілері өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған. Бүгінде қызметтердің 93,1 пайызы цифрландырылып, 26 ақпараттық жүйе іске қосылған.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қызметтер сапасын жетілдіруді және осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына қызмет көрсету заңдылығын қадағалауды, бұзушылықтарды анықтап, алдын алуды, сондай-ақ жауапты мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруды міндеттеді.
Кеңесте, сондай-ақ, өңірлік жастар кадр резерві жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда мәдениет үйі пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- Бүгін, 09:20