Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дзюдошыларымыздың деңгейі қандай?

Дзюдошыларымыздың деңгейі қандай?
Ашық Дереккөз
Дзюдодан әлемдік рейтингте қазақстандық спортшылардың көрсеткіші өзгеріссіз қалды.

Париж Олимпиадасынан кейін арада бірнеше ірі турнирден кейін әлемдік рейтинг жаңартылды. Алайда Қазақстан құрамасының спортшыларының арасында тек Елдос Сметов қана үздік бестікке енген.

60 келіде Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы нәтижесі бойынша бесінші орында тұр. Ал осы салмақта Нұрқанат Серікбаев 16, Мағжан Шамшадин 23-орынға жайғасты.

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев бір саты төмендеп, 14-орынға тұрақтаса, 73 келіде Данияр Шамшаев 24-сатыда тұр. 81 келіде Абылайхан Жұбаназар 14, 90 келіде Айдар Арапов 77, –100 келіде Нұрлыхан Шархан 24, Ислам Бозбаев 39, +100 келіде Ерасыл Қажыбаев 32-орынға табан тіреді.

Ал әйелдер арасында Абиба Әбужақынова 3- орынға көтерілсе, Ғалия Тынбаева 11-орынға төмендеді. 57 келіде Севара Нышанбаева 90, 63 келіде Есмигүл Құйылова 42-орынға қарай құлдырады. –78 келіде Аруна Жангелдина 44, +78 келіде Кәмила Берліқа 1 саты төмендеп, 26-орынға жайғасты.

М.ЖАМБЫЛҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар