Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев ресми іссапармен Лозаннаға (Швейцария) барды.
Сапар барысында 2025 жылға дейін Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағыттары, алдағы төртжылдықтың басты бәсекесіне дайындық пен өткізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан ҰОК атқарған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Қазақстандық делегация алдағы жылдарға арналған негізгі жоспарлары, оның ішінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасымен бөлісті.
Сонымен қатар Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев ХОК мүшелерімен және ХОК Атқару комитетінің отырысына, сондай-ақ Оимпиадалық саммитке қатысу үшін Лозаннаға келген басқа да халықаралық спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
М.ЖАМБЫЛҰЛЫ
Келесі мақала
Дзюдошыларымыздың деңгейі қандай?
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Милан–Кортина Олимпиадасына дайындық: қысқы спорт қалай дамып жатыр?
- авторAR-AY
- 15 қаңтар, 2026




