Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- author AR-AY
- 11 желтоқсан, 2024
- 57
Бұл шараға аудан әкімі Ермек Карентаев, ардагер ұстаздар, ауылдың құрметті азаматтары, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Шара Мемлекеттік гимнмен ашылып, аудан әкімі Ермек Амангельдиевич Карентаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Мыңарал ауылдық округінің қоғамдастық төрағасы Ерлан Байжомартов және ауылдың ардагер ұстазы Мамыр Бейсембайұлы жылы лебіздерін білдіріп, жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімін орындады.
Жаңа мектеп ғимаратының кілті ресми түрде мектеп директоры Төлеукүл Карибаеваға тапсырылды. Қатысушылар ғимаратты аралап, оның заманауи жабдықтары мен инфрақұрылымына куә болды.
Бұл жаңа білім ордасы 120 оқушыға арналған және заманауи стандарттарға сәйкес салынған. Оның ішінде интерактивті тақталармен жабдықталған сыныптар, жаңа зертханалар, спорт залы және кітапхана қарастырылған.
Ашылу рәсімі мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған жұртшылықты қуанышқа бөледі.
Жаңа мектеп ғимараты ел болашағы – жас ұрпақтың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді. Бұл маңызды қадам Мойынқұм ауданының білім саласын дамытудағы тағы бір елеулі оқиға ретінде тарихта қалады.
Білімнің жаңа белесі жастарымызды жарқын болашаққа жетелесін!
Жамбылдық шығармашыл жастардың басқосуы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар QR-код арқылы 1,3 млн рецептінің негізінде тегін дәрі алды
- авторAR-AY
- 12 желтоқсан, 2024
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
- авторAR-AY
- 12 желтоқсан, 2024