Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі,деп хабарлайды arainfo.kz

Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында талқылауға ұсынылған.Жобада кәсіби мерекелер тізімін келесі атаулы күндермен толықтыру жоспарлануда:

28 қаңтар – қаржылық мониторинг органдарының күні;

Шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;

Тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;

Қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;

2 қазан – техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күні;

Қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;

10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;

13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.

Сонымен қатар, бұған дейін бекітілген Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні қайталануды болдырмау мақсатында тізімнен алынып тасталады.

Жаңа мерекелерді енгізу ұсынысын тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жасаған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар