Сара сөздің зергері: Өкім Жайлауовтың 95 жылдығына арналған әдеби кеш өтті
- author AR-AY
- 8 желтоқсан, 2024
- 150
Әдеби кеште Талас өңірінен түлеп ұшқан, өмірі өлеңмен өткен, шығармалары тәрбиеге төгіліп тұратын өнер иесі жайлы зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары Малтабар Жаманбаев, Қонысов Мамырхан, Әбдімажит Абсаттаров және ардагер, журналист, ақынның інісі Болат Жаппаров, жазушы, «AQ JOL» газетінің аға тілшісі Марат Құлибайұлы арнайы келіп, ақынның кемелдікке толы өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертіп, ыстық естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар кеште Жамбыл облыстық филармониясынан арнайы келген Қазақстан Республикасының «Құрмет» марапатының иегері Айна Қалмағанбетова «Сенің бейнең» әнін орындаса, Жақсылық Тілеубеков «Таласым» әнін баянда орындап, Мерей Абуева «Қазақстан аймағы» әнін домбырада ойнап кеш қонақтары мен оқырмандарды әуезді әндерімен тәнті етті.