Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді

Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің психологы Айгерім Саурбаева сотты болған азаматтарға жоспарға сай психологиялық көмек берудің арнайы іс-шарасын ұйымдастыруда,деп хабарлайды arainfo.kz

Мәселен, жуырда ғана аталған түзеу мекемесіне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Абдрахманова келіп, жазасын өтеушілермен жан-жақты пікір алмасты. Сондай-ақ, ол жүздесу барысында өзін-өзі дамытудың маңыздылығына тоқталып, түзеу мекемесінен тыс жаңа өмір бастау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде әңгіме өрбітті. 

Кездесу соңында сотталған азаматтар өздеріне психологиялық ақыл-кеңес берген маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар