Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде кезекті мәрте «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Шара аясында қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінен жаза мерзімінің толық аяқталуына байланысты мойынқұмдық азамат еркін өмірге жолдама алды.
Бұл күні мекеме қызметкерлері бостандыққа шыққан жазасын өтеушілерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріп, қайта қылмысқа бармау қажеттігін қатаң ескертті.
Айта кетейік, әлеуметтік қабілетінен айырылған кейбір сотты болған азаматтар қайта қылмыс жасауға бейім келеді. Осы орайда оларды әлеуметтендірудің маңызы зор. Бұл ретте мемлекет тарапынан «Қақпа алдында кездесу» жобасының берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024